Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сайлау: Халық пен билік арасы жақындай түспек

Биылдан бастап ауыл әкімдерін халық сайлайтын болып отыр. Биылғы 25 шілдеге дейін сайлауға саяси партиялар, өзін-өзі ұсынушылар өтінім бере алады.

Қазіргі таңда үш сайланушы ұйымды тіркедік. Оның бірі - “Ауыл” партиясы, “Nur Otan” және өзін-өзі ұсынушы. Кандидаттарды тіркеу кеше, яғни, 14 шілде де аяқталды. 24 шілдеге дейін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кандидаттар өздерінің жұмыстарына жауапкершілік танытулары қажет. Ұсынылған кандидаттар - мұғалім, ауыл шаруашылығы қызметкері.

Сайлау өте әділ, әрі жоғары деңгейде өтеді деп есептейміз. Сайлауға қатысып, сайланған үміткер қаулыға сәйкес әкім болып тағайындалады. Яғни, халық сайлап дауыс бергеннен кейін бірігіп жұмыс жасап, ел үмітін, ауыл халқының үмітін ақтайтынына сенеміз. Ал, кандидат болмай қалған жағдайда аудан әкімі өзінің ұсынысын білдіріп, үміткер ұсынады. Ол процестің уақыты бес күнге ұзартылады.

Менің ойымша, бұл сайлаудың демократиялық қадамда маңызы зор. Себебі халық өз таңдауын жасайды. Таңдаған кандидатурасымен біріге жұмыс жасап, ел ахуалын арттыра түседі. Осылайша халық билікке бір табан жақындайды. Үлкен өзгерістер орын алары анық.

Мақсот Мұқанов,

Қызылқоға аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521