ҚР Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалды.
Осыған сәйкес, ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.
Облыс бойынша 270 сайлау комиссиялары (9 аумақтық, 261 учаскелік), оларда 1966 комиссия мүшелері жұмыс атқарады.
261 сайлау учаскелерінің 11-і жабық учаскелер (9-денсаулық сақтау саласы обьектілері, 1 – әскери бөлім, 1 – уақытша қамау изоляторы).
Комиссия мүшелерінің – 1306 (66,43%) саяси партиялармен, 660 (33,57%) – қоғамдық бірлестіктермен мен ұсынылып сайланғандар.
Сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан орындары, сайлау учаскелерінің шекаралары www.atyrau.gov.kz сайтында және облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланған.
Сайлау комиссиялары мүшелері үшін 2022 жылғы 3-28 қазан аралығында «ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыру кезеңіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» атты оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, каскадтық әдіспен оқу барлық 1966 комиссия мүшелерін қамтыды. Бұдан бөлек, ҚР ОСК-ның қашықтықтан оқыту курстарын барлық деңгейдегі 1966 комиссия мүшелері оқып, сертификаттарын алды.
Әкімдіктермен сайлаушылардың тізімдерін нақтылау жұмыстары жүргізілді. Сайлау науқаны туралы азаматтарды ақпараттандыру бағытында Call-орталықтары жұмыс жасауда. Telegram каналының SailauAtyrauBot чаты, интернет сайт арқылы тұрғындар өздерінің қай сайлау учаскесінде тіркелегендігі жөнінде ақпарат ала алады.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес, әкімдіктер 2022 жылдың 30 қазанына дейін сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша барлық 261 учаскелік сайлау комиссияларына тапсырды.
Өңірдегі сайлаушылардың саны 409 949 адамды құрады. Олардың ішінде өз өтініштеріне сәйкес тізімге енгізілген өзге облыстардың 12956 сайлаушылары бар.
Дауыс беретiн күнге 15 күн қалғанда, яғни 4 қарашадан бастап азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелерiндегi сайлаушылар тізімдерін сайлаушыларға танысуға ұсынуда.
Азаматтарға тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар жөнiндегi деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiлген.
Әрбiр азамат сайлаушылар тiзiмдерiндегi өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы.
Сайлаушыларға дауыс беру орны мен уақыты туралы хабарламалар берілді.
Азаматтарға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері берілуде, бұл жұмыстар 2022 жылғы 19 қараша, сағат 18.00-ге дейін жалғасады (15.11.22ж. 336 сайлаушы есептен шығару куәліктерін алды).
Сайлау комиссиялары материалдық-техникалық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Дауыс беру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайлар жасалатын болады.
Сайлау бюллетеньдері 17-18 қарашада учаскелік сайлау комиссияларына жеткізіледі.
Сайлау учаскелерінің 165-де сайлаушылардың өздерін тұрғылықты жері бойынша іздеуі, облыс орталығының 5 сайлау учаскесінде тұрақты тіркеусіз сайлаушыларды тіркеу үшін сервистік қызметтер жүзеге асады.
ОСК-нің эскизі бойынша облыс елді-мекендеріне 146 ақпараттық бильбордтар, сайлау учаскелері орналасқан 270 ғимаратқа 538 банерлер ілінді.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу 2022 жылдың 21 қазаны сағат 18.00-ден кейін басталды, 2022 жылдың 19 қарашасы сағат 00-00-ге дейін жалғасады.
Атырау облысы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін 88 үй-жайлар белгіленді.
Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін 144 орын белгіленді және олар стендермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылды.
Сайлауға қатысты материалдар аумақтық сайлау комиссияларының atyrau.gov.kz сайтында орналастырылуда.
Кандидаттардың Атырау облысында 2022 жылдың 15 қарашадағы жағдайымен 784 сенім білдірген адамдары тіркелген.
Өңірде ЕҚЫҰ-ның ұзақ мерзімді 2 халықаралық байқаушылары жұмыс жасауда. Атырау мемлекеттік университетінің базасында халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығы ашылған.
Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша 07-00-ден 20-00-ге дейін өтеді (Атырау қаласында №5546 әскери бөлімде орналасқан №75 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 06.00-де басталады).
Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күндік мерзімде (а.ж. 22 қарашасынан кешіктірмей) жеткізіледі.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы