Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кандидат Өскеменде экология және балалар арасындағы буллинг мәселелерін талқылады

     Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болды. Ол Өскемен қаласында екі кездесу өткізді.

    nn00Алғашқы кездесу жергілікті экологтар мен осы салада жүрген белсенділермен өтті.
Кандидат Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Өскемен, Риддер және Зырян қалалары ауаның ластануы бойынша алдыңғы қатарда тұр.
     Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып табылады.
     Ол, сонымен қатар экологтар Шығыс Қазақстан облысының өзендерін жоғары және орташа ластану деңгейі бар су ағындары қатарына жатқызатынын атап өтті. Судың сапасының бұзылуына ауыр металдар қатты әсер етеді.
Шенеуніктер мұндай проблемалардың бар екенін мойындайды, бірақ жағдайды жоюға қаражат жеткіліксіз екенін айтады.
     Кандидат өңірдегі тағы бір маңызды мәселеге тоқталды.
     «Еліміздің шығысы – Семей ядролық сынақ полигоны трагедиясының мәңгілік мұрагері, оның зардаптары әлі күнге дейін халқымызды алаңдатып келеді. Әртүрлі мәліметтер бойынша, Қазақстанда 1,5 миллионнан астам адам сынақтардан зардап шеккен, 300 мың шаршы шақырым жер ластанған. Бұл - орасан зор көрсеткіш. Жергілікті тұрғындар мен туристер кейде осы аумақта орналасқан  көлдерде шомылады, Атом көлінің балығын тұтынады», - деп атап өтті кандидат.
Өскеменге сапарында Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесіп, олармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады.
     «Біз агрессивті қоғамда өмір сүруге үйреніп қалдық, онда әркім өзін қорғайды, бірін-бірі қорлайды, дене жарақаттарын алады. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Қазіргі қоғам инклюзивке және толеранттылыққа бағыт алып келеді. Ал балаларды біз төзімділік пен кез келген нәрсенің ақ-қарасын ажыратуға тәрбиелеуіміз керек. Егер бала өз құрдастарынан қандай да бір түрде ерекшеленсе, оны қолдау маңызды.
     Сондықтан ерекше балаларды ұжымға тарта отырып, қабылдау құндылықтарын сіңіру қажет. Ал агрессияны балалар арасында да айыптайтын нәрсе ретінде қабылдау керек. Бірақ, ең алдымен мұнымен үлкендер жұмыс істеуі керек», - деді ол.
    Баяндамашы халықаралық ұйымдардың деректерін келтірді. ЮНЕСКО есебіне сәйкес, «Сандардың артында не жатыр? Мектептегі зорлық-зомбылық пен қорқытуды жою» тақырыбы бойынша дүние жүзінде әрбір үшінші оқушы қандай да бір буллингтің түрін бастан кешіреді. Қорқыту оның құрбандарына ғана емес, агрессорлар мен куәгерлерге де әсер етеді.

     Қазақстандағы ЮНФПА 2020 жылы шығарған брошюра елдегі балалардың 63 пайызы зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің куәсі болғанын, 44 пайызы құрбан болғанын, 24 пайызы мектепте басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасағанын хабарлайды.
  Бұзақылықтың құрбандары - сыныпқа жаңадан келгендер, ал басқалардан ерекшеленетіндер қатарында сыртқы түрі, оқу үлгерімі, ата-анасының әлеуметтік жағдайы бойынша қысымға ұшырайтындар.  Сонымен қатар, толық емес отбасылардан шыққан, туа біткен физикалық немесе психикалық дамуында кемістігі бар балалар буллингке жиі кезігіп жатады.
    «Сондай-ақ мұғалімдер де оқушыларға қысым жасайтын топтың қатарынан жиі көрініп қалады. Балалар мұғалімдердің әрекетінен немқұрайлылықты сезініп, оны өзіне жасалған қысым деп қабылдайды», – дейді С. Тұрсынбекова.

Салтанат Тұрсынбекова штабының
Баспасөз-хатшылығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT