Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

САҒЫЗДЫҚ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Сағыз ауылындағы «Шұғыла» мәдениет үйінде «Work and life» тренинг орталығының жетекшісі Нұрлан Азаматов жергілікті жастармен кездесіп, «Көшбасшылық және көпшілік ортада сөйлеу» тақырыбында семинар өткізді.

«Өркениет» жобасы аясында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Жеті жарғы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен семинар барысында спикер Нұрлан Азаматов өзінің қысқаша жеке өмірбаянын таныстырып, көшбасшы болу, көпшілік алдында сөйлеу, адамдармен байланыс орнату, жетістікке жету бағытында өз тәжірибелерін ортаға салды. Өз кезегінде ауыл жастары спикерге көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT