Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МӘСЛИХАТ ШЕШІМІНІҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Бүгінгі өткен аудандық қоғамдық кеңес отырысында «2024-2026 жылдарға арналған аудан және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасы талқыланды.

Хабарлама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Құралай Сәлімгереева қоғамдық кеңес мүшелеріне 2024 жылға кірістер мен шығындар 7 178 873 мың теңге көлемінде бекітуді, ал аудандық бюджеттен ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемін 890 383 мың теңге болып бекітуді ұсынды. Сондай-ақ хабарламашы кеңес отырысында «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» аудан әкімінің қаулы жобасын таныстырды. Хабарламалардан соң қоғамдық кеңес мүшелері сұрақ қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізген соң тиісті қарар қабылдады.

Бауыржан ЕРЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT