Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

САДАҚШЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Ауданның 80 жылдығы аясында және Респубика күніне орай орталық стадионда ересектер мен жастар арасында садақ атудан жарыс өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада жастар 15 метр қашықтықта, ересектер 30 метр қашықтықта өз бақтарын сынады. 

Тартысты, әрі қызықты өткен сайыста жастар бойынша І орынды Райымбек Бақтыбай иемденсе, ІІ орынды Заңғар Ғарифоллаұлы, ІІІ орынды Диас Ерікұлы иеленді. Ал ересектер бойынша І орынды Наурызбек Самек иеленсе, ІІ орынды Шыңғыс Бауыржанұлы, ІІІ орынды Мәлік Төлеушов пен Дархан Қошан иемденді.  Жеңімпаз - жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль табыс етілді. Шара соңында Атырау облысының  олимпиадалық «Садақ ату және пара садақ ату» федерациясының директоры Хайдар Есенғалиев сөз сөйлеп, қатынасушыларға өз ризашылығын білдірді.

Әйгерім БАЙДӘУЛЕТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521