Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МӘЛІКТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

Таяуда, Миялы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қызылқоға ауданының «Құрметті азаматы»  Мәлік Сүлейменов атындағы 2011-2012, 2013-2014 жылы туылған ұлдар арасында  дзюдодан республикалық ашық турнир өтті.

Оған Қызылқоға, Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, Атырау қаласы, Жылой, Мақат , Исатай аудандары, «Батыр боламын» , Тельман, Мағауия, Ақсәлім спорт клубтарының палуандары қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ерболат Иғали, аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәлік Сүлейменовтер сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы жас өрендерге сәттілік тіледі. 10 команда, 10 салмақ бойынша өткен  жарыс 3 күнге созылды. Дүбірге толы болған бұл додада жалпы командалық сайыс бойынша І орынды Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, ІІ орынды Жылой ауданы, ІІІ орынды Атырау қаласы мен Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы иеленді. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан жеңімпаз-жүлдегерлерге диплом және медаль табысталды.

Ақнұр ДҮЙСЕНҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT