Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұрылар жазасыз қалмады

Жақында аудандық сот отырысында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Сағыз ауылының үш азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Олар ауылдағы сегіз үйдің қора-жайлары мен дүкендегі заттарын жымқырып, оқиға болған жерден бойтасалап кетеді. Ұрылар бес жәбірленушіге әртүрлі мөлшерде материалдық шығын келтірген болса, қалған үш жәбірленушінің үйіндегі қора ішінен қолға ілігер дәнеңе таппай, бос қайтса керек. Дегенмен, сот жаза тағайындау кезінде олардың өз кінәларын мойындап, жәбірленушілердің кешірім беруінен сот үкімімен сотталушыларға жоғарыда көзделген аяқталған және аяқталмаған ұрлық қылмыстары бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды. Сот үкімін орындау сотталушылардың тұрғылықты жерлері бойынша орналасқан пробациялық қызметке жүктелді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521