Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әйелін ұрып, әшкере болды

Аудандық сотта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігіне сай азамат С.Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат С.Б өзінің зайыбы С.А.-ны ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру әрекеттерiн жасаған. Десе де, сот отырысында жәбірленуші өзінің жұбайына кешірім беріп, медиация тәртібімен татуласқандарын айтып әкімшілік істі тоқтатуды сұрайды. Ал, құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, әйелінен кешірім сұрады. Сот қаулысымен С.Б.-ға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігіне сай қозғалған әкімшілік іс, жәбірленушінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғамен медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521