Әдетте «Өрт – тілсіз жау» деп жатамыз. Әйтсе де, мүмкіндігінше оның алдын алып, оттан келер қауіпті сейілтуге, салдарын жеңілдетуге, тигізер зардабын азайтуға болатынын естен шығармағанымыз абзал.
Осы орайда айтарым — бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған қамыс өрті тәрізді орман өрті де орасан зор шығынға батырып, түрлі қиындықтарға душар етеді. Өйткені мұндай өрттер кезінде ауқымы атшаптырым орман-тоғай алқаптары, жасыл желек пен жас өскін жалынға оранып, қоршаған ортаға зор қауіп төндіреді. Біз мұның куәсіміз, әрі өмірде өз басымыздан өткеріп келеміз.
Төтенше жағдайдан келетін моральдық әрі материалдық шығынның қаншалықты ауқымды екенін сөзбен айтып жеткізу қиын. Бұл – орман шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына да тікелей зиян тигізетін жағдай.
Осындай шығыны шаш етектен келетін орман өрттерін ауыздықтауға тек төтенше жағдайлар қызметі ғана емес, сонымен қатар арнайы жасақтар мен еріктілерден құралған топтардың да белсене атсалысқаны жөн.
Өркен ҚАПАНОВ,
Атырау қалалық орман шаруашылығы мекемесінің басшысы