Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрметті қызылқоғалық спортшылар жəне сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз «Спорт күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын, атағын асқақтатын сала. Түрлі техникасымен жалпы адамзатты баурап алатын ең ұлы өнер – спорт саласының өңірімізде дамуы жолындағы нәтижелі еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Ел намысы таразыға түскен байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымыздың биік шыңдарға көтерілуі, әнұранымыздың әлем аспанында қалықтап, ұлттық қасиеттеріміз бен рухани құндылықтарымызды ұлықталуы сөзсіз Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі.

Жасөспірімдер мен жастарды спортқа баулу, жергілікті жерлерде спорт түрлерін дамыту мен оны кеңінен насихаттау мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатының басым бағыттарының бірі. Ауданымызда өткізіліп жатырған түрлі спорттық шаралардың нәтижесінде жас өрендеріміздің түрлі республикалық, әлемдік спорт додаларында топ жаруы өңірдегі спорт саласының шырқау биігінде тұрғандығының айқын дәлелі. Жас спортшылардың бойында ұлттық рух пен қазақы жігер, қайтпас қайсарлық пен мұқалмас қажыр-қайрат қалыптастырып, талмай еңбектенуге баулыған спорт жаттықтырушыларының еңбегі қандай марапатқа болса да лайық!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қызметтеріңізге толағай табыстар мен жоғары жетістіктер, тек қана жеңістер мен үздік нәтижелер, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен,

Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ,

аудан әкімі 

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521