Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Демалыс күндері қандай нысандардың жұмысына тыйым салынады

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, демалыс күндері көптеген нысандардың жұмысына тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын, 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу қала береді. Ал сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерінің сауда желілерінің жұмысы тоқтатылады.

Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары жұмысы істемейді. Сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың жұмысы да тоқтайды. Фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар жабылады.

Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысы, ашық ауада аттракциондардың жұмысы тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары енгізіледі.

Дереккөз: Inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521