Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрметті қызылқоғалық құрылысшылар қауымы, сала ардагерлері !

Баршаңызды дәстүрлі кәсіби мерекелеріңіз құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылысшы мамандығы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын зор құрметке ие екендігі белгілі. Тәуелсіз мемлекетіміздің экономикасының қарышты дамуын, осынау бірегей маңызды саласыз көзге елестету қиын. Ең бейбіт кәсіп иелері аталатын Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында елімізде ірі-ірі экономикалық, инвестициялық және озық технологиялық жобалар іске асырылып қана қоймай, халықтың әлеуметтік жағдайы күрт жақсарды.

Құрылыс индустриясы – қазіргі сындарлы кезеңде де Қазақстан экономикасының негізгі іргетасы болып саналады. Жалпы, кез келген мемлекеттің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. Әуелден өзіндік еңбек дәстүрі қалыптасқан Қызылқоға құрылысшылары, бүгінгі таңда да өлкеміздің жан-жақты өркендеуіне өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.

Сіздер бүгінде адам танымастай өзгерген ауданымызда сәнді ғимараттар, тұрғын үйлермен қатар, жол жөндеу, түрлі әлеуметтік нысандар салу, магистральді коммуникациялық жүйелерді іске қосу және тағы басқа аса қажетті жұмыстарды абыроймен атқарып келесіздер. Аудан құрылысшылары осынау жұмыстарды атқаруда уақыт өткен сайын жоғары кәсіби шеберліктің үлгісін көрсете білуде. Қадірменді ардагерлер, осынау ізгі жетістіктерде Сіздердің де озық тәжірибелеріңіз, кәсіби ұлағатты үлгілеріңіздің ізі сайрап жатыр.

Осынау мереке қарсаңында Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте табыс, кәсіби табандылық және шығармашылық шабыт тілеймін.

Еліміз тыныш, халқымыз аман, аспанымыз ашық болсын!

Құрметпен,

Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ

аудан әкімі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT