Әркімнің дауысы маңызды: Орталық референдум комиссиясының Үндеуі

ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.

Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді Сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады, олардың шекаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Өз сайлау учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді Сіз жергілікті атқарушы органға хабарласып, тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика