Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда жалпыхалықтық референдумды қолдауға арналған штаб ашылды

Атырауда референдумды қолдаудың өңірлік штабы құрылды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Штаб жетекшісі болып Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова тағайындалды.

Өңірлік штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін түсіндірумен айналысатын болады.

Атырауда Гүлзада Шакуликованың қатысуымен брифинг өтті.

-  Конституцияға енгізілетін өзгерістер елімізді тереңдете демократияландыру үшін түбегейлі серпін беруге тиіс. Конституция -   республикамыздың өсуінің негізін қалаушы постулаттары мен пайымдары құрылатын іргетас.

Референдумға қатысу - біздің қоғамымыздың қаншалықты дамығандығының және болашақ ұрпағымыз өмір сүретін қоғамның демократиялық моделін енгізу үшін жауапкершілікті алуға дайын екендігінің көрсеткіші, - деп атап өтті спикер.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жалпыхалықтық дауыс беру 2022 жылғы 5 маусымда өтеді.

Республикалық референдумға "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы шығарылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521