Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Әріптесіміз штаттан тыс кеңесші атанды

Қызылқоға ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасының хабарлауынша, Ғұбайдуллин Дулат Берікұлы "Атырау – адалдық алаңының” Қызылқоға аудандық жобалық кеңес өкілі Қызылқоға ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Дулат Берікұлы 1989 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. 1996-2007 жылдар аралығында Миялы ауылындағы Б.Аманшин атындағы орта мектепте білім алған.

2007-2011 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің балық шаруашылығы мамандығы бойынша және 2014-2016 жылдары С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011-2013 жылдары Миялы ауылындағы ГНПФ зейнетақы жинақтау қорының кеңесші-маманы болып бастайды.

2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың наурыз айы аралығында қоғамдық негізде «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы болады.

2014 жылдың наурыз айынан бастап аудандық «Қызылқоға» газетінің ІІ санатты тілшісі болып қызмет етеді.

“Атырау – адалдық алаңының” Қызылқоға аудандық жобалық кеңесі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарына сенімін арттыруға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT