ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Енді Қазақстанға келген шетелдік азаматтардың COVID-19 тестінен өткендігі туралы анықтамасы болуы шарт.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыда айтылған.

Жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынады.

Шетелден келген ҚР азаматтарында анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшауланады. ПТР нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижемен келген адамдардан тиісті қолхат алына отырып, коронавирустың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ал, COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.

Мұндай шектеулер Қазақстан аумағына автожолдар, шекаралық өткізу бекеттері, теңіз порттары мен темір жол тасымалы арқылы келген адамдарға да қойылады делінген қаулы мәтінінде.

1. Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы ұсынуы керек.

2. Шетел азаматтарында анықтама болмаған жағдайда, шекарадан кіруге рұхсат етілмейді

3. Дене температурасы қалыпты болып, анықтама берген, адамдардан тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі және Қазақстан шекарасына кіруге рұхсат алады.

4. Егер Қазақстанға келген азаматтың дене температурасы жоғары болса, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатқызылады.

5. Шетелден келген ҚР азаматтары анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады.

COVID-19-ға зертханалық зертеп-қарау нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижемен келген адамдардан тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.

Шектеулер 6 қазаннан бастап күшіне енді.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика