Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

А.Ақтаев - жаңа қызметте

Аудан әкімінің 2020 жылғы 5 қазандағы №240 өкімімен Ақтаев Асқар Жаңбырбайұлы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ақтаев Асқар Жаңбырбайұлы 1978 жылы 27 желтоқсанда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1997 жылы Атырау гумманитарлық колледжін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 2000-2006 жылдары Миялы ауылдық округінің әкімі аппаратында жастар ісі жөніндегі маман, 2006-2019 жылдары аралығында аудандық спорт бөлімінде маман, бас маман, әдіскер, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарып келді.

Отбасылы.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521