Ағымдағы жылдың қараша айының бесі күні мемлекет басшысы конституциялық реформа нәтижесінде әзірленіп, қабылданған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республтикасының конституциялық заңына қол қойды. Прокуратура туралы конституциялық Заң прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге және жоғары қадағалау органын жаңғыртуға, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған. Конституцяилық заң прокуратура органдарымен заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді заң негізі. Жаңа Конституциялық заңға сай прокуратура адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің жоғары құндылықтары ретінде қорғауды, заңның үстемдігін қамтамасыз етуді және ҚР аумағында заңдылықты нығайтуда келесі міндеттерді жүзеге асырады: Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау және қалпына келтіру; Заңның бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтау және жою; Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңды, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру; Заңдармен және ҚР Президентінің актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер. Аталған заңға сәйкес прокуратура органдарының міндеттеріне: Заңдылықты жоғары қадағалау: Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпкерлік субъектілерінің және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың қызметі, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдер; Лауазымды және өзге де адамдардың, оның ішінде сот орындаушылары мен нотариустардың іс-әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің), сондай-ақ олар қабылдайтын, күшіне енген актілер мен шешімдердің; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу; Сотқа дейінгі тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі; Атқарушылық іс жүргізу; Заңды күшіне енген сот актілерінің тізбесі; Қылмыстық жазаларды орындау және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану; Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу; Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау; Азаматтардың құқықтары мен бостандығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қозғайтын қоғамдық қатынастардың өзге де салалары; Сонымен қатар прокуратураның құзыретіне мыналар кіреді: Сотта мемлекет мүддесін білдіру; Сотқа дейінгі тергеу, қылмыстық қудалау; Қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық; Қылмыстық жолмен алынған кірістерді қылмыстық процестен тыс қайтару мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық (мемлекетаралық) соттарда, шетелдік және халықаралық аралық соттарда (төреліктерде) мемлекеттің мүдделерін білдіру; Заң шығару қызметіне қатысу; Құқық қорғау органдары кадрларын даярлау және олардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ білім беру және ғылыми қызмет; Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге және қорғауға жәрдемдесу шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. Бүгінгі күні прокуратура органдарының қызметі алғаш рет Конституциялық заңмен реттелетін болды. Бұл қадам елдегі заңдылық-конституциялық принцип рөлін нығайтып, прокуратура органдарының негізгі жұмыс бағыттарын айқындап береді.
Досбол БАҒЫТЖАНОВ,
Қызылқоға ауданының прокуроры