Ағымдағы жылы Қызылқоға аудандық прокуратурасының бастамасымен жаза өтеушілермен кездесу өткізіліп, өзекті мәселелер талқыланды.
Күн тәртібінде бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған және шартты түрде сынақ мерзіміне алынған азаматтарға әлеуметтік құқықтық көмек көрсету, қайта қылмыс жасауларын алдын алу бағытында инспекторлармен атқарылған жұмыстар тыңдалып, жаза өтеушілердің негізгі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.
«Пробация туралы» Заңның талабына сай сотталушыларға әлеуметтік қолдау көрсету және сот үкімінің орындалуын бақылау пробация қызметіне жүктелген.
Осыған орай жыл басынан бері пробация қызметінің есебінен өткен 49 адамға мемлекеттік органдар арқылы әлеуметтік құқықтық көмек көрсетілген. Оның ішінде тегін медициналық тексеруден өткізу, арнайы мамандықтар бойынша оқыту, жұмысқа орналастыру және т.б.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні сотталушылар арасында жұмыссыздар саны 93,9 пайызға азайды.
Бұдан басқа аталған бағытта аудандық прокуратурамен жүргізілген қадағалау нәижесімен 4 сотталушының заңмен кепілдік берілген құқықтары қорғалып, жаза мерзімдері төмендетілді.
Қызылқоға аудандық
прокуратурасы