Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Президенттің Нью-Йорктегі жұмыс кестесі түрлі деңгейдегі кездесулерге толы болды

Мемлекет басшысы президенттермен, министрлермен, жетекші халықаралық ұйымдар мен компаниялардың басшыларымен 20-дан астам кездесу өткізді Қаралған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестиция және жасанды интеллект сияқты кең ауқымды бағыттарды қамтыды.

Қазақстанға миллиардтаған инвестиция тарту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында 11 келісім мен меморандумға қол қойылды. Құжаттар еліміздің экономикасына 5,2 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды көздейді және олар көлік, логистика, энергетика мен ақпараттық технологиялар сияқты стратегиялық маңызды салаларды қамтиды. Мемлекет басшысы АҚШ-тың жетекші ірі бизнес өкілдерімен бірқатар келіссөздер өткізді. Солардың ішінде:

PepsiCo қорының директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихомен кездесу.

Әлемге әйгілі бренд Алматы облысында көлемі 368 миллион долларды құрайтын снек өндіретін зауыттың құрылысын бастап кетті. – **Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездесу Мемлекет басшысы цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Amazon Kuiper Алматы, Ақкөл және Ақтау қалаларында жерүсті инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр. Бұл мақсатта шамамен 200 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу көзделген. Бұл – ірі IT-компаниялардың қатысуымен жүзеге асатын алғашқы ауқымды жоба. Соның нәтижесінде Қазақстан, соның ішінде шалғай өңірлер де, жоғары жылдамдықтағы спутниктік интернетке қол жеткізеді. – **Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунмен кездесу. Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект технологияларын дамыту және қолдану туралы пікір алмасты. – **Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруномен кездесу. – **Chevron корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесу.** Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның еліміздің экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Тәуелсіздік алған жылдан бері Chevron Қазақстанға шамамен 55 миллиард доллар инвестиция салған.

– **ExxonMobil компаниясының басқарма төрағасы Даррен Вудспен кездесу.

– **Әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі Blackstone-ның директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Шварцманмен кездесу.** – **Citigroup банкінің бас атқарушы директоры Джейн Фрейзермен кездесу.** – **Embraer компаниясының президенті Франсиско Гомес Нетомен кездесу.** Қазақстан мен АҚШ бизнесінің ынтымақтастығын нығайту мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев **дөңгелек үстел жұмысына** қатысты. Президент АҚШ-тың ірі корпорация басшыларымен ақпараттық технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы АҚШ Президенті **Дональд Трамппен келіссөздер** жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық, экономика және сауда салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту, халықаралық жағдай мәселелері қаралды. Америкалық көшбасшы кездесу қорытындысын **Truth Social** желісіндегі парақшасында жариялап, қол қойылған келісімдердің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Қазақстанда жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын 300 **локомотив** өндіру жобасы ерекше аталды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында БҰҰ Бас хатшысы **Антониу Гутерришпен**, **Украина Президенті Владимир Зеленскиймен**, **Черногория Президенті Яков Милатовичпен** кездесті. Мемлекет басшысы АҚШ Үкіметінің өкілдерімен де кездесулер өткізді, атап айтқанда, Сауда министрі **Говард Латниктен** бастап, АҚШ Сауда палатасының бас атқарушы директоры **Сюзанн Кларкпен** және АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі **Серджио Гормен** кездесті. Күн соңында Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Президенті **Джанни Инфантиноны** қабылдап, ұлттық футболдың деңгейін көтеру мақсатындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы аясында да қарқынды және мазмұнды күн тәртібі күтілуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT