Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Президент әлеуметтік қолдауға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта жүктеу керек. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша саясатты қайта жүктеу керек. Әлеуметтік тұрғыда әлсіз азаматтарды қолдау мемлекеттің басымдығына ие болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қ. Тоқаев мемлекеттік көмектің атаулы сипатын және оны алу кезіндегі тиісті талаптарды күшейту керектігін айтты.

«Әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап беретін болады», - деді Президент.

Айта кетейік, Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлеуметтік кодекстің әзірленуіне қатысты пікір айтқан болатын.

Дереккөз: inform.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT