Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жасады

Сурет ғаламтордан алынды

"Бұл соңғы жылдарда орын алып отырған ең ауқымды су тасқыны. Қазір ең бастысы – адамдардың өмірін сақтау және апат салдарын азайту.

Кейінірек жекелеген лауазымды адамдардың өз қызметтік міндеттерін орындауға немқұрайлы қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында арнайы тексеру жүргізілетін болады. Мен бұл мәселені Бас прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жіберілді. Бірқатар өңірлерде төтенше жағдай режимі жарияланды. Менің бірінші орынбасарым Роман Васильевич Скляр ең көп зардап шеккен аймақтарда жұмыс істеуде", - деді министрлер кабинетінің басшысы бейнеконференция кезінде.

ТЖМ басшылығына еліміздің барлық өңірлерінде жұмыстардың жүргізілуіне бақылауды күшейту тапсырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT