Бүгін аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиевтің төрағалығымен аудандағы эвакуациялық талдау комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.
Су тасқыны кезеңдерін талдау барысында, ауданның қаупі бар ауыл мен елді мекендері бойынша дайындық жұмыстары пысықталды. Эвакуациялық қабылдау және жинау пункттерінің дайындығы, құлақтандыру жүйесі және Азаматық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс мүлкімен қамтамасыз етілуі, тұрғындарды азық-түліктермен қамту мәселелері талқыланып тиісті тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауға алынды.
Ауданда төтенше жағдайларға ден қоюдың барлық жүйесін су тасқыны кезеңіне дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері су тасқыны қаупі төнген елді мекендердің тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Халықты хабардар ету мақсатында WhatsApp әлеуметтік желісі мен Call центр іске қосылды, хабарламалар жіберіледі. Су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою мақсатында төтенше жағдай бөлімімен 3 өрт сөндіру автокөлік, 1 трэкол, 1 вахтовка, 1 уаз, 3 маторлы қайық техника дайындалды. Төтенше жағдай туындаған кезде халықты эвакуациялау үшін 24 эвакуациялық пункт, сыйымдылығы 3600 адам болатынт 4 шатыр, 300-дей төсек-орын дайындалды. Қазіргі уақытта өзендер мен су айдындарындағы мұздың қалыңдығы 25-30 сантиметрді құрайды.
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде және қатаң бақылауда.
Айсәуле АРДАҚҚЫЗЫ