Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Полиция бөлімінде жаңа басшы

Жаңа басшы
Жаңа басшы

Дүйсенбі күні облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың 2 ақпандағы №18 бұйрығымен Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес полиция полковнигі Руслан Әділов Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

   Жаңа басшыны жеке құрамға Атырау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асылбек Жауымбаев таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Көрші Индер ауданында дүниеге келген Руслан Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай жоғары мектебінің филиалы Ақмола заң колледжін (1996-1998 ж.ж.) бітірген соң еңбек жолын облыстық ішкі істер департаменті Атырау қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы болып бастады. Одан әрі қалалық ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ұйымдастыру-талдау тобының аға инспекторы, Мақат аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, облыстық ішкі істер департаментінің мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы, қалалық ішкі істер басқармасы бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының бастығы, Жылой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық полиция басқармасы Тайпақ полиция бөлімінің бастығы, Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы болды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының Заң институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Жиында аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макиев әріптестері атынан қош келдіңіз айтып, аудан халқының тыныштығын қорғауда, құқықбұзушылықтың алдын алуда бірге қызмет ететіндігін тілге тиек етті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521