«Теңізшевройл» компаниясы параспортты дамыту және ұлттық құраманы жаңа халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында Қазақстанның волейболды отырып ойнау федерациясына заманауи спорттық жабдықтар мен шағын автобус сыйға тартты.
Табысталған мүліктердің қатарында әлемдік стандарттарға сай Molten маркалы волейбол доптары, кәсіби тіректер мен керек-жарақтар, қалпына келтіру құралдары және команда мен спорттық инвентарьды тасымалдауға арналған шағын автобус бар.
Жабдықтарды тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтіп, оған Қазақстан құрамасының спортшылары, Федерация өкілдері, облыс әкімдігі мен «Теңізшевройл» компаниясының басшылығы қатысты.
«Теңізшевройл» компаниясының Үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Айбек Крамбаев атап өтті:
«Параспортты қолдау — Тенгизшевройл компаниясының ұзақ мерзімді корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік стратегиясының маңызды бөлігі. Біз өзімізді тек мұнай-газ саласының көшбасшысы ретінде ғана емес, сонымен қатар адам әлеуетін дамытуға, инклюзия мен аймақтардың тұрақтылығын нығайтуға үлес қосатын сенімді серіктес ретінде көреміз. Бүгін табысталған спорттық жабдық спортшылардың жаттығуларын тиімдірек етіп, жаңа жеңістерге жетуіне септігін тигізеді деп сенеміз».
Қазақстанның волейболды отырып ойнау ұлттық құрамасы параволейболдың әлемдік элитасына — А дивизионына кіреді және елеулі жетістіктерге жеткен:
2025 жылғы Азия чемпионы (Ханчжоу, ҚХР);
2025 жылғы Әлем кубогының қола жүлдегері (Форт-Уэйн, АҚШ);
2024 жылғы Париж Паралимпиадасының қатысушысы;
Азия және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері.
«Теңізшевройл» компаниясы үшін ерекше мақтаныш — ұлттық құраманың көптеген ойыншылары мен жаттықтырушылары компанияның негізгі қызмет аймағы болып табылатын Атырау облысының тумалары.
2023 жылы «Теңізшевройл» Азия чемпионатының іріктеу ойындарының бас демеушісі болды. 3–8 шілде аралығында Астанада өткен бұл жарыста Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге ие болып, 1996 жылдан бері алғаш рет Паралимпиада ойындарына тікелей жолдама алды.
1993 жылдан бері «Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысы халқы мен қызметкерлеріне арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 3,6 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бағыттап келеді. Компания инклюзияны, спортты, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосуда.



