Жангелдин ауылдық округі «Жангелдин» мәдениет үйінде орналасқан №146 сайлау учаскесінде 933 сайлаушы бар. Екі сағатта сайлаушылар саны 70-ке жетті. Олардың ішінде, зейнеткер Ашықбай Жаңабаев отбасымен келіп өз таңдауын жасады. Ол жары Ақзира Қамешова, қызы Айнагүлмен бірге дауыс берді.
- «Жангелдин» мәдениет үйінің қасында тұрамыз. Бейбіт елдің әнұраны естілгенде марқайып, өз дауысымызды беруге отбасымызбен келдік. Әрине, зейнеткер болғандықтан, біздің тілейтініміз елдің амандығы. Сол себепті, отбасымызбен өз дауысымыздың маңызға ие екендігіне сенім артып, таңдау жасадық» - дейді зейнеткер Ашықбай Жаңабаев.
Н.Жауынбаева