Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

    Ауданның ең шеткі нүктесі саналатын Жамансор елдімекеніндегі №161 сайлау учаскесінде таңғы сағат 8:00-де бастап ұзын-сонар кезек. Себебі бұл учаскеде жергілікті тұрғындардан бөлек “Қайнармұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасының қызметкерлері дауыс беруде.

     Сайлау учаскесінің төрағасы Жылқышы Намазбаевтің айтуынша мұнай-газ басқармасынан 220 адам осында келіп таңдау жасауға өтініш берген. Солардың бірі - аталмыш мекемеде 42 жылдан бері  көлік жүргізушісі болып жұмыс жасап келе жатқан атыраулық Елтай Кенжеғалиев. “Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. Сол себептен әріптестеріммен бірге келіп таңдауымды  жасадым. Мекемеміз арнайы көлік ұйымдастырып, алып келді. Өз таңдауымды жасап, қайтадан жұмысқа кірісеміз” дейді ол.

Дулат Берік

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT