Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДАН – БІРІНШІ ОРЫН

Таяуда облыстық мәдениет және тілдерді дамыту  басқармасы,  «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен көрнекі ақпарат, жарнамада коммерциялық нысандар атауларында тіл заңнамасының, тілдік, эстетикалық нормалардың сақталуына, ауыл көрнекілігін жақсартуға ықпал етіп, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Көрнекілікті ауыл» атты  облыстық байқау болып өтті.

Онда  облысқа қарасты  барлық ауданның тіл заңдылықтарын қатаң сақтаған көрнекі ауылдары қаралды. Ал, аудан бойынша бұл байқауға Миялы ауылы ұсынылды. Нәтижесінде, ауылдағы  жеке кәсіпкерлік объектілерінің үздік маңдайша жазулары және үздік  жарнама құралдары,  мәтіндері  номинациялары  бойынша  І орынды,  ауылдардың үздік кіреберіс аншлагтары номинациясы бойынша   ІІ орынды иеленді.

-           Ауыл келбетінің тартымдылығын қалыптастыру бағытында аудан орталығы Миялы ауылы мен барлық ауылдық округтен байқау ережесіне сай фотоальбом жасақталып, аудандық іріктеу өткізілді. Іріктеуде ауылдық округ пен ауылдардың кіреберіс аншлагтарының болуы, ауылдағы жеке кәсіпкерлік объектілері маңдайша жазуларының және де ауылдағы жарнама құралдары мен мәтіндері сараланды. Саралау жұмыстары кезінде ұсынылған материалдың техникалық ахуалы, безендірілуі, мазмұн-мәтіні, олардың орналасуының ғимаратқа, кеңсе ішіне, көшеге үйлесілімділігі, әдемілігі, жағымдылығы, тәрбиелік мәні, ұлттық құндылықтарға, эстетикалық талғамға сәйкестігі, мекеме атауы мен оның қызмет түрінің  үндестігі ескерілді. Соның ішінен Миялы ауылы облыстық байқауға өтіп, жүлделі орынға ие болды. Алдағы уақытта да ауданның абыройы артып,  көрікті көрнекіліктер мен жағымды жарнамалар көбейе берсін!, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Гаухар Құрманғазиева.

Ендеше, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолында еселі еңбек етіп, абыройдың асқағынан көрініп келе жатқан мамандарға жетістіктен жетістікке жете беруін тілейміз.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521