Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде

 жедел-профилактикалық іс-шара
сурет ғаламтордан алынды

Қызылқоға ауданы көлемінде 2023 жылдың 07-10 желтоқсан аралығында мал ұрлығын ескерту, алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде. 

      Шараның басты мақсаты аудан аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын-алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Іс-шара кезінде аумақтық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп тасымалданатын мал мен ет өнімдеріне құжаттаманың болуы тұрғысынан мал тасымалдауға арналған автомашиналарды тексеру жұмыстары жүргізілетінін, тексеру кезінде құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР ӘҚтК-нің 406-бабына және   ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті тұрғындарға малдың иесіз жіберіп қоюға немесе жаюға тыйым салынғаны, иесіз, қараусыз жүрген мал иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде барынша түсініктеме жұмыстары жүргізіледі.
          Қазіргі кезде мал ұрлығы қылмыстары тек біздің ауданда емес бүкіл ел бойынша өзекті мәселеге айналған. Осыған орай, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап мал ұрлығы жазасы қатайды. Мал ұрлаған адам енді 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
        Сонымен қатар, мал ұрлығын болдырмау мақсатында заманауи технологияларды пайдалануға біртіндеп көшуді қолға алып, малдарды түгелдей сырғалатып, малдарды бақташыға бақтыру мәселесін де қолға алу қажеттігін Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі айтып ескертуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT