-Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламасы үш негізгі қағидаттан тұрады: Әділетті Мемлекет, Әділетті Экономика және Әділетті Қоғам. Оның барлығы мемлекеттің негізгі міндеттерін шешуге бағытталған. "Адам мелекет үшін емес, мемлекет адам үшін" деген ұстанымды алға тартып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге және еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасауға шақырамын,- деп атап өтті штаб мүшесі Саламат Ідірісов.
-Әрқайсымызды сапалы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылымды дамыту, экологияны қорғау мәселелері толғандырады. Біз өз құқықтарымыз бен мүдделеріміз сенімді қорғалатын мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Осы міндеттердің барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты. Бұдан басқа осындай кездесулер барысында біз тұрғындардан ұсыныстар жинаймыз, одан әрі пысықтау үшін Республикалық штабқа жеткіземіз, - деді штаб мүшесі Балжан Досмұхамбетова.
Кездесу соңында қатысушылар алдағы сайлау ел болашағы жолындағы маңызына тоқталды.
Қоғамдық штаб мүшелері "Атырау облысы Су Арнасы" КМК ұжымымен кездесті
- Информация о материале
- Қоғам
- : 573