Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – қарапайым азаматтар үшін тиімді»

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Теңсіздіктерді болдырмау мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізуқажет»,- деп, жаңа институтты жандандыруды құзырлы орындарға қатаң тапсырған еді.

2222222

     Осы орайда, елімізде былтыр 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап  Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қолданысқа енгізіліп, ол бойынша облыс орталықтарынан құрылған жаңа әкімшілік соттар өз жұмыстарына кіріскен болатын. 
    Содан бергі бір жылдан астам уақыт ішінде, жаңа әкімшілік соттардың ортақ тәжірибесі қалыптасып, танымалдылығы арта түсті. Олар жаңа нормаға сай түскен талап-арыздарды белсенді түрде қарап, азаматтардың әр түрлі дауларға байланысты шағымдарын заң талаптарына шешуде.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің мақсаты – бұл мемлекеттік, әкімшілік құрылым мен жеке тұлға арасындағы дауды тиімді шешу болып табылады. Яғни, қарапайым азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, олардың  мүдделері мен  құқықтарының тиімді  қорғалуына мол мүмкіндіктер береді.  
    Кодекс екі негізгі бөліктен тұрады. Ол – әкімшілік рәсімдер және әкімшілік сот ісін жүргізу.
Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті - жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
    Әкімшілік рәсім - халықтың мүддесін қорғауға бағытталғандығын жоғарыда айтып өттік. Осы әкімшілік процестің азаматтық процестен ең басты айырмашылығы – соттың белсенді болуы екенінде. Мәселен,  әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша, судья істі қарау барысында - азаматқа кеңес беруге,  қандайда бір талапты орындауды мемлекеттік органға міндеттеуге, азаматқа өзін қорғаудың барлық мүмкіндігін жасауға, дәлел жеткіліксіз болған жағдайда оны өзі іздеуге құқылы. Бір сөзбен айтқанда, судья тараптар ұсынған дәлелдермен шектеліп қалмайды. Өзі көріп отырған құқықтық салдарды жойып, өз бастамасымен жаңа құжаттар, жаңа дәлелдер сұрата алады. Сондай-ақ,  қарапайым  азаматтарға заң нормаларын дұрыс жазуға да жәрдемдесе алады.
    Бұл жерде, осы жаңа кодекске сәйкес, дәлелдеу міндеті – даулы актіні шығарған немесе қабылдаған мемлекеттік органға жүктеліп отырғанын айта кету керек.
    Кодекстегі жаңалық, ол тараптар істі әкімшілік процестің барлық кезеңдерінде татуласу немесе медиация туралы келісім жасау арқылы істі толық немесе ішінара аяқтай алады. Бірақ, тараптардың татуласуына жол берілмейтін істердің жекелеген санаттары да кодексте көзделген.
    Қызылқоға аудандық сотымен, осы әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен бастап күні бүгінге дейін,  осы кодекс аясында туындаған даулар, талап-арыздар, өтініштер түскен жоқ. Ал түскен жағдайда, оларды жаңа кодексте көзделген тәртіпте дұрыс рәсімдеу сот төрағасы мен сот кеңсесі қызметкерлерінің бақылауына алынған.
    Әкімшілік әділет «Халыққа құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асты. Сондықтан, осы іске асырылып отырған әкімшілік реформа сот жүйесіне ғана емес, қарапайым азаматтар үшін де тиімді болып, халықтың сотқа деген сенімін арттыра түседі деген ойдамыз.

 Б.Әбдуалиева,

Қызылқоға аудандық сотының
бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521