Жұмысшы мамандықтар жылы аясында 2025 жылдың 1 тамызында «Казцинк» ЖШС базасында «Үздік практикант» конкурсы туралы сюжеттің бейнетүсірілімі өтті.
Байқауға кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өтіп жатқан Шығыс Қазақстан облысы колледждерінің студенттері қатысуда. Қатысушылар практикадан өту тәжірибесімен бөлісті, орындалған міндеттер, алған дағдылар және болашақ мамандығы үшін өндірістік тәжірибенің маңызы туралы айтты. «Үздік практикант» байқауы белсенді, жауапты және талантты студенттерді анықтауға бағытталған, ал іс-шараның өзі таңдалған мамандық бойынша тәжірибелік дағдыларды алу үшін студенттердің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, өңір колледждері мен «Казцинк» ЖШС арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал етеді.