Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өндірісі өркендеген өңірдің өзекті мәселесі

Ықылым заманнан адам өмірі үшін экологияның тазалығы жоғары маңызға ие.

Мұны ел Президенті «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында :

«Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет»,- деп атап өткен болатын.

Біздің аудандағы ахуал да мәз емес екенін көз көріп, құлақ естіп жүр. Себебі, Қамыскөлдің жағасы да, қала көшелеріндегі кей жерлердің де тазалығы көңілге кірбің ұялатады. Осындай жайттың алдын алу үшін Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын бастаған болатын. Ол туралы да Жолдаудағы өз сөзінде:

«Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама»,- деген еді.

Иә, шынында, өз туған жерімізді өзіміз таза ұстамасақ, даладан келіп оны ешкім аяламасы анық. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін қарапайым қоқысты арнаулы орындарға апарып төксек, қаламыздың да, даламыздың да көркі кірері сөзсіз. Табиғат ананы өзіміз қастерлемесек, бірнеше жылдың ішінде-ақ адам шошырлық күйге түсуі бек мүмкін. Болашақты ойласақ, оны бүгіннен бастауымыз керек. Мемлекет басшысының керемет бастамасын мұқым халық болып іс жүзінде қостасақ, табиғатымыз тазарып қоймай, салауатты өмір салтын ұстануымызға да жаңа серпін берері сөзсіз. Өйткені экология өндірісі өркендеген біздің өңір үшін ең өзекті мәселе.

Әли Саменов,

«Байтақ» партиясының мүшесі, Жылыой ауданы Жолдау аналитика

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521