Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

НАМАЗ ӘЖЕГЕ ҚАРЫЗДАРМЫЗ

Сұрапыл соғыс жылдарынан кейін Белоруссия елінде дүниеге келген әкем Александрдың балалық шағы жетімдер үйінде өтеді.

Өмірдің қиындығын ерте көрген ол ер жеткен шағында бірнеше достарымен қазақ еліне жол тартады. Сағыз ауылындағы қазіргі Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде білім алып, механизатор мамандығын алған соң «Қызыл ту» кеңшарына жұмысқа орналасады. Кеңшардағы Намаз есімді қазақ әйелі өзге ұлт баласы деп өзектен теппей бауырына басады. Отан алдындағы борышын өтеп, қайтадан Намаз әжемізге келеді. Еңбек ете жүріп, қазақ қызына үйленеді. Сөйтіп, қазақ жеріне сіңісіп, жапырағын жайған үлкен бәйтерекке айналды. Әкем әркез «Қазақстан – менің өсіп-өнген жерім және де бала-шағамның Отаны. Қазақ халқында «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген қанатты сөз бар. Сондықтан, қазақ елінің салт-дәстүрін сыйлап, олардың тілін біліп, қазақ елінің азаматы ретінде осы жерге қызмет етуге тиіспіз» деп отырады.

Шындығында, менің ұлтым өзге болғанымен жүрегім мен тілім қазақ. Сондықтан, осынау «Алғыс айту күні» қарсаңында барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, қиын-қыстау кезеңде өзге ұлт өкілдеріне пана болып, құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына айтар алғысым шексіз.

Раушангүл СТОММА,

Миялы ауылы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT