Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МҰНАЙШЫЛАР ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Қойнауы қазынаға толы ауданымызда үлкенді-кішілі бірнеше кен орыны бар екендігі анық. Осы орайда, бүгінгі референдумда мұнай өндірісі саласында вахталық әдіспен жұмыс жасап жатқан жұмысшылар да өз таңдауын жасап үлгерді.

Мәселен, Мұқыр ауылындағы Мұқыр орта мектебінде орналасқан №160 учаскелік референдум комиссиясында барлығы 761 таңдаушы тіркелсе, оның 401-і вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар. Аталмыш учаскедегі референдум комиссиясының төрағасы Серік Едігеевтің айтуынша, түске дейін 301 мұнайшы таңдау жасаса, түстен кейін 100 мұнайшы дауыс берген. Осылайша, мұнайшылар да белсенділік танытып, ел болашағына немқұрайлы қарамайтындарын көрсетті.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521