Жамбыл ауылдық округіндегі №151 учаскелік референдум комиссиясында түс ауа дауыс берушілер саны көбейді.
Барлығы 933 дауыс беруші болса, сағат 15:00-дегі мәлімет бойынша 600 адам дауыс беріп үлгерген. Бұл көрсеткіш дауыс берушілердің 64 пайызын құрайды. Түстен кейін комиссия мүшелері дауыс беру жәшігін денсаулығына байланысты өтініш білдірген ауыл тұрғындарының үйіне апарды. Денсаулығына байланысты өтініш білдіргендердің бірі - Аслан Бисембаев. Зейнеткер ел болашағы үшін таңдау жасап қана қоймай, ақ батасын берді. Жалпы, аталмыш учаскелік референдум комиссиясына 35 өтініш түскен.
Гүлмира Мақсотқызы