Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше яғни, 15 шілде күні сағат кешкі 20:40 шамасында Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында жеке тұрғын үйдің жанындағы шөп ауласында 70 орама шөп отқа оранды.
Сондай-ақ, Атырау облысы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 5 қызметкері мен 1 бірлік техникасының күшімен ауданы 75 шаршы метр сарай құтқарылды. 22:05-те оқшауланған өрт, сағат 23:05-те толықтай сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.