Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялылық тұрғын карантинге қарамастан той жасаған

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері мен мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді мониторинг топтары карантиндік режимге байланысты шектеулердің сақталуын бақылау және тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Осы орайда, Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылының тұрғыны карантин режиміне қарамастан, тұрғылықты мекен жайында 40 адаммен ұлының үйлену тойын жасаған.

Карантин режимін бұзғаны үшін үй иесіне тиісті құжаттар жинақталып, Қызылқоға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жолданды.

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT