Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыдағы балабақша ұжымының игі ісі

Бүкіл әлемді алаңдатқан коронавирус дертімен күресте аудандағы күрестен аудан орталығындағы «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасының еріктілері де қалыс қалмады.

Осы ретте аталмыш балабақша әдіскері Нұрбану Мұқанова:

- Осынау әлемге таралған індетпен күрес барысында біз де басшымыз, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Бағытжамал Жұмабаеваның қолдауымен ұжым еріктілерінің ауызбіршілігінің нәтижесінде аудан тұрғындарына өз қолымызбен 200 дана бетперде тігіп, тараттық. Әрбір қазағым ауырмасын, еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын деген ниетпен осындай игі істі ұйымдастырдық,-дейді.

Осындай игі іс атқарған «Нұр-Шуақ» балабақшасы ұжымына ауыл тұрғындары да ризашылығын білдіруде.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521