Бұл туралы ақпаратты облыстық жұмыспен қамту басқармасы жариялады.
Төтенше жағдай кезінде мәжбүрлі түрде жалақысы сақталмайтын демалыста болуына байланысты табысын жоғалтқан жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алады. Бір қызметкерге төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері 1 ең төменгі жалақы мөлшерін немесе айына 42,5 мың теңгені құрайды.
МӘСҚ-тан жаңа төлем Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ҚР азаматтарына келесі шарттарға сәйкес берілетін болады:
— әлеуметтік төлем төтенше жағдай жариялануына байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген (жұмыстан босатылмаған) қызметкерлерге жүзеге асырылады;
— төлем алу үшін қызметкерлерге (жеке кәсіпкерлер өзі үшін) төтенше жағдай енгізілгенге дейін соңғы 12 айда МӘСҚ-қа кем дегенде 3 ай бойы жарна аударуы қажет;
— әлеуметтік төлем шағын, орта және микробизнес қызметкерлеріне ғана қолданылады;
Жұмыс берушілерге жаңа әлеуметтік төлем тағайындау үшін жергілікті жұмыспен қамту органдарына төтенше жағдай кезіндегі қызметті шектеуге байланысты қызметкерлерінің кірістерін жоғалтуын растайтын құжаттармен жүгіну қажет. «Жұмыс берушілердің өтінімдерінің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб жұмыс берушіге әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдайды, ал «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері МӘСҚ төлем төлейтін қызметкерлердің тізімін дербес қалыптастырады.
Әлеуметтік төлем қызметкерге жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезінде, бірақ төтенше жағдайдың ұзақтығынан аспайтын мерзімде төленеді», — делінген облыстық жұмыспен қамту басқармасының әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Depti.kz
Cурет: ашық дереккөзден