Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялы көшелерін залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

Өткен аптаның бейсенбісі күні Миялы ауылының басты көшелеріне дезинфекция жұмыстары жүргізілген болатын.

Орталық Абай көшесінен басталған залалсыздандыру жұмысы ауылдың қозғалысы көп жеті көшесіне толықтай жасалды.

Аудандық мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы Қуанай Ізмағамбетовтың айтуынша, бұл жұмысқа барлығы 6 тонна дихлорин дезинфекциялық қоспасы жұмсалған. Сондай-ақ, дезинфекция жұмыстары бүгінде жалғасын тауып, онда ұзындығы 7,5 шақырымды құрайтын ауылдағы ұзын көшелерге ерітінді шашылды. Төрт тонналық «Камаз» автокөлігімен жасалған дезинфекция жұмысы алдағы уақытта ауылдың басқа да көшелерінде жалғасатын болады.

Айымгүл ЖАЛҒАСҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521