banner_damu

«Мен Туымды мақтан етемін» - қазақстандықтар жаңа акция бастады

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшаларына Мемлекеттік Тудың аясындағы фотосуреттерін жариялап, ерекше акция бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен азаматтар әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр. Facebook, Instagram желілерімен қатар YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда.

Қолданушылардың бірі арнайы видео әзірлесе, енді бірі өлең-жыр арнап, үн қосқан. «Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің, Бейнелеген алтын шапақ күн көзін. Адалдық пен пәктік көңіл нышаны Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім. Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім», - деп жыр арнаған қолданушылардың бірі.

Аз уақыттың ішінде тың бастама мыңдаған қазақстандықтың қолдауына ие болды.

Дереккөз: inform.kz 

Сурет: ашық дереккөзден 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика