Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік қызметшілер ұлықталды

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай кеше аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты шара өтті.

Жиынға қатысқан мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлерін құттықтаған аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

– Ауданда мемлекеттік стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыруда нәтижелі де сапалы қызмет үлгісімен танылып жүрген іс басындағы бүгінгі әріптестеріміз аз емес. Олар туған өңіріміздің барлық салада дамуына, әлеуметтік-рухани тұрғыда түлеуі жолында қажырлы еңбек етуде. Мерекеге орай, ауданның барлық мемлекеттік қызметкерлеріне жұмыста табандылық, мақсатқа жетуде жігерлілік, шешімдер қабылдауда парасаттылық, барлық істерде табыс және өз күштеріне сенімділік ахуалын шын көңілден тілеймін! Сіздердің қалтқысыз қызметтеріңіз өңірдің өсіп-өркендеуіне әкелсін, - деді.

Бұдан кейін аудан басшысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасының міндетін атқарушы Руслан Тұңғышбаевтың алғыс хатымен аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Зайда Суатова, Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мұратбек Боранғалиевтерді марапаттады.

Сондай-ақ, жиында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық тоғызқұмалақ сайысынан І орын алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асқар Ақтаев пен ІІ орын алған аталмыш бөлімнің бас маманы Ақнұр Аязбайқызы, «Әдептілік дәстүрден» атты облыстық байқаудан І орын алған Миялы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айжарқын Қабиеваларға жүлделері табыс етілсе, облыстық сайыстардан жүлделі орын алған бір топ мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT