Құрметті ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері!
Сіздерді 23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – мемлекет жүйесінің ел басқарудағы ең маңызды тетіктерінің бірі десек, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты оңтайлы орнатып, мемлекеттік саясаттың өміршеңдігін дәлелдеу, билікке деген сенімділік – мемлекеттік қызметшіден басталады.
Мемлекеттік басқару саласында жүзеге асырылып жатырған әкімшілік реформалар нәтижесінде мемлекеттік қызметтің корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттары мен басқарудың сапалық жаңа моделі қалыптасуына байланысты мемлекеттік қызмет атқаруды – қоғам мен мемлекет тарапынан артылған сенім деп түсінген жөн.
Бүгінде мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігін арттыру, мемлекеттік қызметтің ішкі қатынастарын демократияландыру, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту бағытындағы нәтижелі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!
Ауданымыздың өркендеуі Сіздердің өз міндеттеріңізге деген адалдықтарыңызға, жоғары адамгершіліктеріңізге, елжандылық сезімдеріңіз бен заңдылықты бұлжытпай сақтауларыңызға, халықтың үніне үнемі құлақ түріп, қалтқысыз қызмет етулеріңізге тығыз байланысты. Сіздердей бәсекеге қабілетті, саяси сауатты, қоғам мүдделерін жүзеге асыруға икемделген мамандардың қызметі мемлекет үшін аса маңызды.
Сондықтан да, егемен еліміздің болашағы үшін жасаған елеулі істеріңіз мол табыстарға ұласып, нәтижесі халықтың оң бағасына ие болуы қажет.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, жақсылықтар тілеймін!
Құрметпен,
аудан әкімі Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ
Сурет: ашық дереккөзден