Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қайыржан Тоқышов академиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық мәдениетін атап өтті

«Академиялық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлымен және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Атырау олысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлымен, ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету депаратментінің басшысы Сатқан Есенғалиевпен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисовпен, Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликовамен Zoom платформасында кездесу өтті.

Кездесуді «Атырау- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Адиева Альфия Дәулетқалиқызы жүргізді.

Веб-конференцияда Академиялық ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдардың жүргізілу барысымен тәжірибе алмасып, әдістемелік бағдар ұсынылып, алдағы оқу жылында қолға алынуы керек жобалар талқыланды. Веб-конференция қонағы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы өзінің әдістемелік тәжірибесімен бөлісіп, университеттің атмосферасы өзгеруіне байланысты кенжелеп қалған тұстарға сын пікірлерімен қоса, тәжірибе жинақтауға ниет білдіріп, орындалмай қалғандардың орнын толтыру үшін осындай ауқымды шараны ұйымдастыруға ынталы болған университет ұжымына оң пікірін жеткізіп, үлкен сенім білдірді.

Айсәуле Ардаққызы

"Атырау адалдық алаңы" жобалық кеңсе менеджері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521