Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Мемлекеттік сатып алулар көлемі артты

Мемлекеттік сатып алулар жүйесінде жүзеге асқан заңнамалық өзгерістер Қызылқоға ауданында айқын нәтижесін беруде. Жаңа тәртіптер мен рәсімдердің жеңілдетілуі ауылдық округтер деңгейіндегі жұмыстарды жеделдетіп, бюджет қаражатын тиімді игеруге жол ашты.

Өткен жылдың алғашқы жартыжылдығында Қызылқоға ауданында барлығы 60 мемлекеттік сатып алу рәсімі өткізіліп, олардың жалпы сомасы 93,2 млн теңгені құраған болатын. Ал биыл сол кезеңде бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 241 рәсімге жетті. Қаржылай көлемі де күрт артып, 851,4 млн теңгені құрады. Бұл – сатып алу рәсімдерінің саны 4 еседен астам, ал қаржы көлемі 9 есеге жуық артқанын көрсетеді. Аудандық деңгейдегі бұл өсім, ең алдымен, өтінімдерді қабылдау, қарау және шешім шығару мерзімдерінің қысқаруы арқасында мүмкін болды. Бұған қоса, автоматтандырылған жүйелер мен рейтинг-баллдық әдіс те сатып алу процесінің ашықтығын арттырып отыр. Жыл басынан бастап күшіне енген жаңа «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заң – тек техникалық өзгерістер жиынтығы емес. Ол – мемлекеттік басқару саласындағы ашықтықты, әділеттілікті және кәсіпкерлікті қолдауды мақсат еткен жүйелі реформаның айқын көрінісі. Қызылқоға ауданындағы мемлекеттік сатып алулардың елеулі түрде артуы – заңнамалық өзгерістердің нақты нәтиже бергенін көрсетеді. Бұл – ауылдық округтерге дербестік беріліп, жергілікті қажеттіліктерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік жасалғанының белгісі.

Талғат МАҚСҰТОВ,

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT