Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мемлекеттік органдардағы СКУД жүйесі 35 % артты

жұмыстар нәтижесі
жұмыстар нәтижесі

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы аясында Департаментпен мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытын тіркеуге мүмкіндік беретін қолжетімділікті басқару және бақылау жүйесінің орнатылуы бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Бүгінгі күні, облысымыздағы мемлекеттік органдарда 150-ге жуық қолжетімділікті басқаруды бақылау жүйесі (СКУД) жұмыс істейді және олардың көмегімен қызметкерлердің жұмыс уақыты ай сайынғы негізде бақылануда.

Бұл бағытта Департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік органдардағы аталған жүйені орнатқан мемлекеттік органдар саны 2021 жылмен салыстырғанда 35 %-ға артып отыр.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында мәлімдеді.

Сонымен қатар, СКУД жүйесін «Е-Қызмет» АЖ-мен интеграциялауды сапалы жүргізу мәселесі де қолға алынған болатын.

Осы ретте, мемлекеттік органдармен аталған жүйелерді интеграциялау жұмыстары 68 %-ға көбейген.

Атап өту қажет, осы секілді шаралар бірінші кезекте қызметшілердің негізсіз артық жұмысқа тартылмауын қадағалау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және заңнама бұзушылықтарының алдын-алуға арналған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT