Мемлекеттік хатшы белгілі журналист Исатай Балмағамбетовке Құттықтау хатын жолдады

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың Құттықтау хатын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова табыс етті» деп хабарлайды Atr.kz

Қазақстанның Құрметті журналисі, «Сарайшық» журналының бас редакторы Исатай Балмағамбетовке құрметті марапатты табыс ету рәсімі Атырау облысы әкімдігінде өтті. «Өзіңізді сонау «Лениншіл жас» газетінде қызмет істеп, баршаға танылған кезіңізден жақсы білемін. Жастар ұйымдарының жұмысын жетілдіруге бірге атсалысып, өзекті мәселелер көтерген сәттеріміз есімде. Сізді алпыстың асқарына шыққан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын» делінген елордадан жеткен хатта.

Құттықтау хатты табыс еткен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова Исатай Құндызбайұлының саналы ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған адам екендігін атап өтті. «Сіз отандық медиа кеңістіктің дамуында дара қолтаңба қалдырдыңыз. Қазақ баспасөзімен бірге, отандық телевизия саласында іргелі бастамаларыңызбен, өзіндік дара жолыңызбен ерекшелендіңіз» деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика