Тараптар арасында туындаған дауды шешудің оңтайлы тәсілдерінің бірі – медиация.
Сотпен, тараптарға өзара татуласудың мүмкіндігі, тәртібі, салдары, оның ішінде медиация тәртібімен татуласу мүмкіндігі заң талаптарын сақтай отырып жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Осы орайда, тараптарды татуластыру шаралары оң нәтижесін беріп, биыл үстіміздегі жылдың 9 айында Қызылқоға аудандық сотымен қаралған азаматтық істерге медиация тәртібін қолдану деңгейі былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда едәуір артқанын көруге болады.
Мәселен, былтыр 2021 жылдың 9 айында барлық тоқтатылған 12 азаматтық істің 11-іне медиация тәртібі қолданылып, татуласумен аяқталған болса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге артып, есепті мерзімде тоқтатылған 36 азаматтық істің барлығы дерлік, яғни 36 азаматтық істе медиация тәртібімен тоқтатылып, жоғары көрсеткішке қол жеткізілгенін атап өткен жөн.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.